Астана қаласы әкімдігінің Кубогы
Турнирде жас таеквондышылар жеңісті тұғырдан көрінді 2018 жылдың 17-18 қараша аралығында Астанада таеквондодан (WTF) Астана қаласы әкімінің Кубогына арналған республикалық турнир бастау алды. Аталмыш жарыс Корея Республикасының Қазақстандағы елшілігі және Корей мәдени орталығының
қолдауымен өткізілді. Турнирге 6-17 жас аралығындағы республиканың түкпір-түкпірінен келген 500-ден аса таеквондошылар қатысты. "№7 БЖМСМ" КММ жаттықтырушылары Асханов Нұрдәулетпен Жанбиров Нұрболаттың тәрбиеленушілері ең үздік нәтиже көрсетіп, 24 медальды қанжығаларына байлады. Соның ішінде олар 11 алтын, 6 күміс, 7 қола еншілей отыра, жалпыкомандалық есеппен 1 орынды иеленді. Назарларыңызға жеңімпаз ұл-қыздардың тізімін ұсынамыз:
1 орын: Даруна Бейсенбекова (30 келі с.д.), Құралай Мұқанова (29 келі с.д.), Әлішер Ақби (41 келі с.д.), Бекқали Нұрымбетов (37 келі с.д.), Балнұр Қаумбай (36 келі с.д.), Балауса Арапат (24 келі с.д.), Әлижан Нұрлан (22 келі с.д.), Аружан Құдайбергенова (32 келі с.д.), Элеонора Шералы (26 келі с.д.), Сұлтан Болатбек (26 келі с.д.), Алтынай Әменова (63 келі с.д.);
2 орын: Айлин Шахметова (18 келі с.д.), Асылтас Бажан (47 келі с.д.), Диана Слямханова (44 келі с.д.), Мейір Еркiн (32 келі с.д.), Назерке Алдан (22 келі с.д.), Тілеубай Лопез, Марсело Әбділ (30 келі с.д.);
3 орын: Әкімжан Кәрімжан (37 келі с.д.), Әлихан Рахымжанов (36 келі с.д.), Мария Тю (24 келі с.д.), Әрсен Құрманғали (28 келі с.д.), Айнұр Меделбек (49 келі с.д.), Сәулет Тасболат (55 келі с.д.), Адема Бейбiтқызы (34 келі с.д.).
Сондай-ақ, жарыстың ашылу салтанатында «Мұстафа-Астана» спорттық клубының директоры Н.Жанбыров Атырау қаласында өткен ашық Азия чемпионатында жүлделі орынды иеленген жаттықтырушы Әлішер Бейсембай мен тәрбиеленушілері Меруерт Көпболсыноваға, Бекқали Нұрымбетовке, Әділ Тілеуғабылға сыйақы табыстады. Жасөспірімдерді нәтижелі жеңіспен құттықтаймыз және биік белестерді бағындыруларына тілекшіміз!