Пресс-релиз

2019 жылғы 07-11 ақпан аралығында Тараз  қаласында дзюдодан үлкен жасөспірімдер мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Осы жарысқа  еліміздің әр облысы мен қаласынан 600-ге жуық спортшы қатысты. Астана қаласы әкімдігінің «№7 БЖМСМ» КММ атынан шыққан спортшыларымыздың нәтижелері келесідей:   48 келі салмақ дәрежесінде күрескен Амангелді Анеля 2 орынды, 70 келі салмақ дәрежесінде күрескен Ержан Мадина 3 орынды иеленді. Осы қыздарымыз 5 халықаралық дәрежедегі жарыстарға жолдама алды.