Мемлекеттік қызметтер

Астана қаласы әкімдігінің «№7 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» жеңіл атлетика бөліміне балаларды қабылдайды. Жаттығу тегін.

Жаттығулар Тұран даңғылы, 59 мекенжайында орналасқан «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде өтеді.

Спорт мектебіне жалпы білім беретін мектептердің және басқа оқу орындарының оқушылары төмендегі құжаттармен қабылданады:

1. оқуға түсушінің ата-анасынан немесе заңды өкілінен еркін нысандағы өтініш;

2. оқуға түсушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) көрсетілген туу туралы куәлігі немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін), не жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжат;

3. ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжаты немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);

4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бекітілген 027/у нысаны бойынша учаскелік дәрігер берген, таңдалған спорт түрімен айналысуға рұқсаты көрсетілген медициналық анықтама.


Қабылдау жас ерекшеліктеріне сәйкес жүргізіледі.

Байланыс номері : 8-700-648-44-05

Жұмыс кестесі: 8.30-18.00 (13.00-14.30 түскі үзіліс)

 


 

Астана қаласы әкімдігінің «№ 7 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ балаларды жеңіл атлетика спорт түрі бойынша тегін айналысу үшін қабылдайды:

Спорт мектебіне оқушыларды қабылдау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 42 «Спорт резерві және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымдарында спорт түрлері бойынша спортшылардың жас шамасын бекіту туралы» және 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 және 2016 жылғы 19 мамырдағы № 136 «Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу үдерісін жүзеге асыратын түрлі дене шынықтыру-спорттық ұйымдарының тізбесін және олардың қызмет қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтарына сәйкес жүргізіледі.

Жеңіл атлетика спорт түрі бойынша 1 жылғы бастапқы дайындық тобына оқушыларды жинақтау 01 қазанға дейін өтеді. Бастапқы дайындық топтарына оқушыларды қабылдау 9-11 жастан басталады.

Спорт мектебіне жалпыбілім беру мектептерінен және басқа да оқу орындарында оқитын оқушылар, келесі құжаттармен қабылданады:

Ата-аналармен жазылған өтініші. 027 формадағы баланың медициналық картасы. Туу туралы куәлігінің көшірмесі және ата-анасының төлқұжатының көшірмесі.