ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР!

Біз Сіздерді Астана қаласы әкімдігінің КММ «№7 БЖСМ» ресми сайтында қарсы алуға қуаныштымыз. Біздің мектептің қызметі оқушыларды жүйелі түрде спортпен айналысуға тартуға, олардың белгілі бір спорт түріне қабілеттерін анықтауға, оқытуға және рухани-ерік-жігерлік қасиеттерін дамытуға бағытталған.

Қазіргі таңда мектепте жеңіл атлетика бойынша дайындық жүргізіледі. Бұл Олимпиада ойындарының спорты, оған қысқа, орта және ұзын қашықтыққа жүгіру, кедергіден жүгіру, эстафета, секіру (ұзындыққа және биіктікке), допты, найзаны лақтыру, ядро лақтыру, сондай-ақ көпсайыс пен спорттық жүріс кіреді. Жеңіл атлетика — ең көп тараған және базалық спорт түрлерінің бірі болып табылады.

Жаттығулар оқушылардың дене дамуына, денсаулығын нығайтуға, төзімділік, күш және жылдамдыққа, сондай-ақ тәртіп пен мақсатқа ұмтылысын қалыптастыруға бағытталған.

Құрметпен, "№7 БЖСМ"КММ әкімшілігі