ЕЛОРДАДА ЖЕКПЕ-ЖЕК ЗАЛЫ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ

Елордада кезекті спорттық инфрақұрылымның ашылу салтанаты өтті. Спортқа жауапты басқарма кейінгі кезде осылай қаланың шеткі бөліктеріне де спорт кешендерін  салуға ерекше екпін жасауда. Жаңадан ашылған зал №7 балалар мен жасөспірімдердер спорт мектебінің игілігіне берілді. 

Сәйкесінше, бұнда епнді джиу-джитсу, муайтай, грэплинг және таэквондо сияқты бағыттар бойынша шеберлік шыңдауға болады. 

Ұлттық спортымыз қазақ күресінің де секциясы қарастырылған. Бас-аяғы 200 өрен тұрақты шұғылданады деген жоспар бар. Залдың аумағы 430 шаршы метрді құрайды. 

«Алдағы уақытта осындай үлгідегі залдар жаңадан ашылған басқа да ықшамаудандарда бой көтереді», - дейді салаға жауапты мамандар.
СДЮСШ №7