РЕФЕРЕНДУМНЫҢ МАҢЫЗЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін мектеп ұжымы бас қосып, референдумның маңыздылығын талқыланды. Жиынға мектеп басшысы Азамат Болатұлы Имашев, әкімшілік қызметкерлері және бапкерлер қатысты. Мектеп басшысының айтуы бойынша, әр азамат референдумға қатысып, ел дамуына өз үлесін қосуы тиіс. Азамат Болатұлы алдағы реформалар әрбір азаматқа қатысты екенін жеткізді. Кездесуде мектеп қызметкерлері референдум өткізу қажеттілігін қолдады. Олардың пікірінше, республикалық референдумға қатысу кез келген қазақстандықтың азаматтық борышы.

Айта кетейік, 5 маусымда Қазақстанда жалпы республикалық референдум өтеді. Елорда тұрғындары өздерінің сайлау учаскелері туралы мәліметтерді онлайн режимінде ала алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі өзінің дауыс беру учаскесі туралы мәліметтерді нақты уақыт режимінде келесі арналар арқылы алуға мүмкіндік береді:
IKomek бірыңғай байланыс орталығы, 109 телефоны бойынша.
Азаматты белгілі бір дауыс беру учаскесінде референдумға қатысуға құқығы бар адамдардың тізіміне енгізу үшін оның тұрғылықты жері бойынша, осы учаскенің аумағында тіркелу фактісі негіз болатындығын атап өткен жөн.

 

sport