ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС

Бүгін №7 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде педагогикалық кеңес отырысы өтті.
Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:
-өткен және алдағы оқу-жылындағы топтарды толықтыруы ақпарат
-дене-шынықтыру сауықтыру кешені бойынша есеп
-осы жылға дайындық және жаттықтырушылардың жүктемесі
-спортшылардың разрядтар мен жаттықтырушылық санаттарға тұрақты түрде тапсыру
-іс-сапар кезінде спортшылардың қауіпсіздігін, тәртібін қадағалау және жол жүру кезінде билеттерді алдын ала әдіскерлерге тапсырылуы
-спортшымен жаттықтырушының арасындағы қарым қатынас, тәрбие жұмыстары, нашақорлық, лудомания, экстремизм-тероризм және буллинг тақырыбы бойынша жұмыстар
- спортшылардың дәрігерлік тексеруден өтуі және гигиеналық тазалығы жәйлі
-«Таза Қазақстан» жалпы қалалық сенбілік және референдум.
 
Мектеп басшысы Серік Абдуллаұлы Халелов педагогикалық кеңес барысында өзекті мәселелерге тоқталып, жаттықтырушыларға осы оқу-жылында сәттілік тіледі.