ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ҚАНДАЙ ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТТІК?
Бүгін №7 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде жаттықтырушыларға арналған жиналыс өтті. Жыл басынан бері жеткен жетістіктер туралы айтылды. Бапкерлер спортшылардың нәтижелерімен бөлісті.
Халықаралық және республикалық аренада тәрбиеленушілердің жетістіктерін айқындау барысында бапкерлердің есебі мен жоспарлары тыңдалды.
Сонымен қатар, жиында 18-ден асқан спортшыларымыздың КВИ-ге қарсы вакцинасын салу тақырыбы қозғалды. Айта кетейік, мектептің бапкерлері мен қызметкерлері КВИ-ге қарсы вакцинаның екі компонентін де алған.