Көру қабілеті нашар адамдарға арналған экранды оқу жүйесі
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, соның ішінде көру қабілеті нашар адамдарға қажетті жағдайлар жасау мақсатында қазақ тіліндегі сөйлеу синтезі (экран дикторы) жобасын іске асырды.
Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңының (бұдан әрі – Заң) 16-бабына сәйкес ақпарат иеленушілер интернет-ресурстардың мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді болуын қамтамасыз етуі тиіс.
Жобаның мақсаты:
Қазақстан Республикасының азаматтары үшін ақпаратқа, білімге және басқа ресурстарға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін қазақ тіліндегі мәтінді дауыстау үшін инновациялық қосымша жасау.
ҚР Ғылым жəне жоғары білім министрлігі, Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша әзірленді.
Бүгінгі күні сөйлеу синтезі (экран дикторы)орталық атқарушы органдар мен әкімдіктердің сайттарына жүктелгенін хабарлаймыз.
Жобаны жүктеу, орнату, қолдану нұсқаулығы және дауыс үлгілері https://screenreader.tilqazyna.kz/сайтында қолжетімді.