№7 БЖСМ ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗУДЕ. КӨКТАЛ-2 ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН

Көктал-2 шағын ауданында орналасқан Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде қабылдау жүріп жатыр. №7 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебіне 8 спорт түрінен қабылдайды. Спорт түрлері бойынша бастапқы дайындық топтарын қалыптастыру 1 желтоқсанға дейін жалғасады.

Құжаттар:

1. Ата-анасы қол қойған қабылдау туралы өтініш;

2. 037 нысандағы баланың медициналық картасы;

3. Туу туралы куәлік; (көшірме)

Спорт түрлері бойынша бастапқы дайындық топтарын қабылдау үшін балалардың жасы 7 -ден басталады.

Спорт кешен Қайнар және Баршын көше қиылысында орналасқан.

Каратэ-до (ұлдар, қыздар)

7-9 жас

Қазақ күресі (ұлдар, қыздар)

10-12 жас

Самбо (ұлдар, қыздар)

11-14 жас

Муай-тай (ұлдар, қыздар)

12-14 жас

Киокушинкай-кан каратэ (ұлдар, қыздар)

10-15 жас

Грэпплинг (ұлдар, қыздар)

12-14 жас

Сомдалу (ұлдар, қыздар)

15-18 жас

Кикбоксинг (ұлдар, қыздар)

10-13 жас