VIII «Азия балалары» ойындарында алыш күресі бәсекелері аяқталды
VIII «Азия балалары» ойындарында алыш күресі бәсекелері аяқталды. Қазақстан құрамасы 6 медаль иеленді. Мектеп тәрбиеленушісі Қадиша Жиенбаева 55 келі салмақта күміс медальді жеңіп алды. Ол финалда моңғол спортшысымен кездесті.
Якутск қаласында 26 маусымда VIII "Азия балалары" ойындары ашылды. Барлығы 24 спорт түрінен 239 медаль жиынтығын сарапқа салды.