КАРАТЕДЕН АШЫҚ САБАҚ

 
 
Карате (WKF) бөлімі - танымал үйірмелердің бірі. Шығыс жекпе-жек өнерінің қыр-сырын балаларға үйретіп жүрген бапкер Біржан Кабдуллаев.
Р. Қошқарбаев көшесінде орналасқан спортзалда каратеден ашық сабақ өтті. Мектеп басшысының орынбасарлары, әдіскерлер жаттығу барысын өз көздерімен көріп, жаттықтырушының тікелей басшылығымен үйренген балалардың біліктілігі мен дағдыларын бағалады.