ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ТУРНИР

Ақкөл қаласында Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовты еске алуға арналған республикалық турнир өтті. 2 күнге созылған жарыста еліміздің бірқатар облыстарынан 25 команда, 10 клуб үздік атаққа таласты.

Нұр-Сұлтан қаласының атынан 50 келі салмақ дәрежесінде Жүнісов Ардақ 1 орынға ие болды. Спортшымызды шын жүректен құттықтаймыз! Жас балуандар турнирге жақсы дайындықпен келді. Олардың арасында дәстүрлі түрде нәтиже көрсеткен елордалық спортшылар да бар.

Ең мықтылары жеңіске жетті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен марапатталды. Сағадат Нұрмағамбетовті еске алу турнирі алдағы 2016 жылдан бастап республикалық спорттық жарыстар бағдарламасына енгізіліп, осы күнге дейін өткізіліп келеді.

Жаттықтырушы; Марлен Ахтаев. Тілеген Көбейсін