№7 БЖСМ-ДЕ ДІН МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Астана қаласының Діндерді зерттеу орталығының мамандары балалар мен жастар арасында дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізді.
Кездесудің мақсаты - дін, қоғам және жастар туралы оқушыларға түсінік беру, діни экстремизмнің салдары, залалы және оның алдын алу жолдарын қатысушыларға түсіндіріп жеткізу.
Астана қаласының Діндерді зерттеу орталығының маманы оқушылардан “дін”, “қоғам” және “жастар” дегеніміз кім, не деген сұрақтардан бастап, аталған осы әрбір сөздік ұғым, терминдерге анықтама бере отырып кеңінен тоқталып өтті. Дәріскер өз сөзінде Қазақстан - зайырлы, барлық ұлт, діни өкілдері өз дінін, ұлттық дәстүрін еркін ұстануға құқығы бар екенін мемлекет екенін, барлық діни бірлестіктер конфессиялар арнайы мемлекеттік тіркеуден өткенде ғана жұмыс жасап, қызмет ететінін айтып өтті.
Жиын барысында және соңында оқушылар тарапынан қойылған сауалдарға мамандар тарапынан нақты, толыққанды жауаптар берілді.