САМБОДАН НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРНИРІ

17 қазанда елордада самбодан қалалық турнир өтті. Жарысқа республикамыздың басқа аймақтарынан сегіз команда қатысты.

Біздің елорда спортшылары жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болды.

Атап айтсақ, Жеңіс Ерасыл 53 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанса, Қойлыбай Бексұлтан 58 келі салмақта бірінші орынға ие болды.

Оған қоса, чемпион атағын Жеңіс Азамат жеңіп алса, қыздар арасында Асан Аружан үздік атанды.

Жаттықтырушы: Жанболат Есқалиев