«КЕНЕТ ЖҮРЕК ӨЛІМІ. АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ЛЕКЦИЯ

Кенеттен жүректік өлім (жүректің біріншілік тоқтауы, тәждік өлім) — бұл аса ауыр, найзағай тәрізді өтетін жүректің ишемиялық ауруларының клиникалық түрі. Кенеттен жүректің тоқтауымен сипатталады. Кенеттен өлімнің 85—90% жағдайлары ЖИА-на байланысты. Кенеттен өлім бұл қинаусыз өлім. Ол физиологиялық және психикалық қалыпты жағдайда жүрген адамның, ешқандай күдікті белгілерінсіз,алғашқы симптомдары басталғаннан кейін 6 сағат ішінде қайтыс болуын айтады. Мектеп дәрігері Жадыра Скандарқызы Ергеш балалар мен жаттықтырушыларға «КЕНЕТ ЖҮРЕК ӨЛІМІ. АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУ» тақырыбында лекция өткізді.
 
Кенет жүрек өлімінің диагностикасы:
-Кенеттен естен тану, тартылулар;
-Тынысының тоқтауы немесе агониялық тыныстардың болуы (сирек, -минутына 6 ретке дейін қырылдап тыныстау);
-Ірі тамырлар соғысынң, жүрек тондары мен АҚҚ жоғалулары (ұйқы, сан артериялары);
-Көз қарашықтарының кеңеюі;
-Өңінің көгеріп бозаруы;
-ЭКГ-да қарыншалар фибрилляциясы немесе асистолия белгілері тіркелуі.
 
Дәрігер кенет өлімнің алдын-алу шараларын айтып, сұрақтарға жауап берді.