ГІР КӨТЕРУДЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ
Гір көтеру спорт түрінен Венгрияның Будапешт қаласында әлем чемпионаты аяқталды. Әлемнің 32 елінен 650 ге жуық зіл темір шеберлері бақ сынасты. Елордалық спортшылар қоржынында 3 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль. Ал Нұр-Сұлтан қаласы аға-жаттықтырушысы, ардагерлер арасында Абдахин Серік Нұрғалиұлы Әлем рекордын жаңартты!
Әлем чемпионаты қорытындысымен бөлісеміз:
I орын - Жеңісханұлы Ақжол 78 келі салмақ дәрежесінде 24 келі салмақты зіл темір көтерді
Қоссайыстан жастар арасында
I орын - Нурушев Самат 95 келі салмақ дәрежесінде 24 келі салмақты зіл темір көтерді
Қыздар арасында
III орын - Зупар Ақмарал 68 келі салмақ дәрежесінде 24 келі салмақты зіл темір көтерді
Ұзақ цикл бойынша
I орын - Нурушев Самат 95 салмақ дәрежесінде 24 келі салмақты зіл темір көтерді
II орын - Женісхан Ақжол 78кг салмақ дәрежесінде 24 келі салмақты зіл темір көтерді Жаттықтырушы: Серік Абдахин