КИКБОКСИНГТЕН ТУРНИР

10-13 қарашада ASPAN спорт кешенінде кикбоксингтен республикалық турнир өтті. Додаға еліміздің 13 аймағынан 700-ге жуық спортшы қатысты. Ашық турнир әлемнің қола жүлдегері, елімздің танымал спортшысы Досымбай Азаматты еске алуға арналған болатын.

Шаршы алаңда 15 команда бақ сынасты. Алайда турнирдің нәтижесі бойынша бас жүлде елорда спортшыларында қалды. Олар 26 бірінші орын жеңіп алды.

Жалпы командалық екінші орынды Шымкент қаласы алса, қостанайлық спортшылар үшінші орынды қанағат тұтты. «Тамерлан клубының» чемпиондары:

1)Ыбырай Амир, 2011-27 кг

2)Бабаев Азиз, 2008-42 кг

3)Бабаев Икрам, 2008-54 кг

4)Хаджимурад Санжар, 2006-67 кг

5)София Ли, 2007-65 кг6)Габитова Сара, 2011-42 кг

7)Ханытбек Алгижан, 2013-42 кг

8)Подовжний Владислав, 2008-+60 кг

9)Арыстан Елубаев, 2010-45 кг