ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ТУРНИР

Қараша айының 13-16 аралығында “Saryarqa samaly” газетінің жүлдесіне арналған дәстүрлі республикалық тоғызқұмалақ турнирі өтті. Екі күндік ойын барысында мықтылар анықталды. Биыл XVI мәрте жалауын көтерген турнирде Алматы, Астана қалалары, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарынан және Павлодар облысының аудан-қалаларынан 300-ден астам ойыншы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша №7 БЖСМ тоғызқұмалақ бөлімінің шәкірті Садыков Саян 10 жасқа дейінгі ұлдар арасында 2 орын иеленді.