ДІНИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ АТТЫ ТАҚЫРЫПТА ОҚУШЫЛАРҒА ДӘРІС ОҚЫЛДЫ

Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының дін мәселесі бойынша жауапты мамандары «Діни-құқықтық сауаттылық» атты тақырыпта дәріс оқыды. Олар бірқатар дін мәселесіне қатысты ақпараттармен бөлісті. Кездесу барысында діни экстремизм мен терроризм, діни ағымдардан сақтану, діни сауаттылықты арттыру, заң алдындағы жауапкершілік, студенттердің дінге қатысты сенімді ақпараттармен танысуы, т.б. тақырыпта нақты түсіндірме жұмысы жүргізілді.