ЕЛОРДАДА ЖЕКПЕ-ЖЕК ЗАЛЫ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ
Елордада кезекті спорттық инфрақұрылымның ашылу салтанаты өтті. Спортқа жауапты басқарма кейінгі кезде осылай қаланың шеткі бөліктеріне де спорт кешендерін салуға ерекше екпін жасауда. Жаңадан ашылған зал №7 балалар мен жасөспірімдердер спорт мектебінің игілігіне берілді.
Сәйкесінше, бұнда енді джиу-джитсу, муайтай, грэплинг және таэквондо сияқты бағыттар бойынша шеберлік шыңдауға болады.
Ұлттық спортымыз қазақ күресінің де секциясы қарастырылған. Бас-аяғы 200 өрен тұрақты шұғылданады деген жоспар бар. Залдың аумағы 430 шаршы метрді құрайды.
«Алдағы уақытта осындай үлгідегі залдар жаңадан ашылған басқа да ықшамаудандарда бой көтереді», - дейді салаға жауапты мамандар.