СПОРТ ФЕСТИВАЛІ
СПОРТ ФЕСТИВАЛІ
Қазақстан Республикасының Спорт күніне орай Байқоңыр ауданының Өндіріс тұрғын алабындағы Дене шынықтыру-сауықтыру орталығында ашық есік күні өтті.
Спорт күніне орай ұйымдастырылған шараға «Байқоңыр» ауданы әкімдігінің басшылығы, №7 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің өкілдері, елордалық «Үзақ өмір сүру орталығының» басшысы Мұхтар Еркетаев және Дене шынықиыру -сауықтыру орталығының басшысы Серік Халелов қатысты.
Шараға «Өндіріс» тұрғын алабының барша тұрғындары және спорт сүйер балақайламыз да куә болып, №7 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі спортшыларының көрсетілімін тамашалады.
Сондай-ақ, шараға атсалысып, қойылымдық жаттығу түрлерін көрсеткен жас спортшыларымызға аудан әкімі Ерлан Жаулыбаевтың атынан арнайы Алғыс хаттар табысталды.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда «Өндіріс» тұрғын алабындағы жалпы ауданы 11,5 шаршы метрді құрайтын Дене шынықтыру-сауықтыру кешені балаларға спортпен шұғылдануға үлкен мүмкіндік беруде. Кешен көп функционалды, осында спорттық, қоғамдық, әкімшілік блоктар орналасқан.
Бүгінде бұл кешен еліміздің спорт саласын дамыту әрі аталған «Өндіріс» тұрғын алабындағы жас жеткіншектерді спортқа баулу үшін таптырмас орталыққа айналды.
Сонымен қатар, бүгінгі шара келген тұрғын алап тұрғындары да игі шараға қатысып, көз қуантатын дүниеге куәгер болғандарына қуанышты екендерін жеткізді.