ЕҢБЕКТЕРІ ЕЛЕНДІ.

ЕҢБЕКТЕРІ ЕЛЕНДІ

Спорт күні мерекесінде бір қатар әріптестеріміз алғыс хаттармен марапатталды.
ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төреағасы Самат Ерғалиев әдіскеріміз  Фарида Кабуловаға алғыс хат тапсырды.

Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаевтың атынан марапатқа әкімшілік қызметкерлері Ербол Махметов, Қызжібек Джандарова және Нұргүл Сәтікенқызы ие болды.

Сонымен қатар, спортты дамыту жолындағы зор үлес қосқаны үшін шинкиокушинкай каратэден жаттықтырушы  Виктор Трон, гір көтеруден бапкер Серік Абдахин және кикбоксингтен жаттықтырушы Ернар Омаров алғыс хаттар алды.
Оған қоса, қазақ күресі бөлімінің жаттықтырушысы  Тілеген Ермұратұлы марапатталды. ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төреағасы Самат Ерғалиев еліміздің дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға қосқан елеулі еңбегі үшін бапкерге алғысын білдірді.