6 ҚАЗАН — РЕФЕРЕНДУМ
Қазақстанда АЭС салу бойынша жалпы республикалық референдум 6 қазанда өтеді. Елорда тұрғындары өз сайлау учаскесі туралы ақпаратты үйден шықпай-ақ, бірнеше әдіспен біле алады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Астана әкімдігі өз сайлау учаскесі туралы мәліметтерді жылдам алуға болады. Оны келесі жолдармен жасауға болады:
- Ресми веб-қызмет: https://referendum.astana.kz/;
- Telegram-да чат-бот арқылы: https://t.me/referendum_astana_bot;
- IKomek бірыңғай байланыс орталығы арқылы, 109 телефоны бойынша;
- «Smart Astana» мобильді қосымшасында «New» бөлімінде – референдум учаскесін іздеу.