МЕКТЕП ПСИХОЛОГЫ ТРЕНИНГ ӨТКІЗДІ

Мектеп психологы Дияна Қайратқызы жас спортшылармен тренинг сабақ өткізді. Психологтың айтуы бойынша, сыныптағы, жаттығудағы атмосфера білім алушылардың оқу бағдарламасын игеруіне де, жалпы үлгеріміне де, спорттық мотивациясына әсер етеді. Алайда, білім беру ортасы әрдайым ыңғайлы бола бермейді, онда оқушылардың психикалық дамуына теріс әсер ететін факторлар бар.
 
Сол факторларды алдын алу үшін осындай сабақ өткізілді. Басты мақсат – балалардың қоғамда жалпы түсінігін қалыптастыру, жауапкершіліктерін арттыру, өзара сыйластық қарым-қатынасын орнату.

Тренинг барысында жас спортшылардың арасында ойын өткізіліп, сұрақтар берілді. «Миғашабуыл» әдісі арқылы оқушылардың көзқарастарын біліп, ойға шақырылды. Дияна Қайратқызы жасөспірімдер арасында белең алып отырған тәртіпсіздіктерден сақтану жолдары жайлы айтты.