ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ӘЛЕМ КУБОГЫ

Екі спортшымыз Румынияда топ жарды. 26-30 қыркүйек аралығында Румыния елінің Констанца қаласында тоғызқұмалақтан 19 жасқа дейінгі жастар арасында Әлем Кубогы өтті. Жарыс қорытындысы бойынша, Астана қаласының спортшылары блиц түрінен Манарбекқызы Ақжібек күміс жүлдегер атанса, Ауелбай Раушан қоланы жеңіп алды.