сығымдаудан Қазақстан чемпионаты
Наурыздың басында ASPAN спорт кешенінде ерлер мен әйелдер, жасөспірімдер, ұлдар мен қыздар және ардагерлер арасында экипировқалық жатып сығамдаудан және классикалық жатып сығымдаудан Қазақстан чемпионаты өтті.
Бірінші күн нәтижесі бойынша Нинель Аблаева қыздар арасында жатып сығымдаудан 57 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдені жеңіп алды. Оның нәтижесі: 65кг.
Сонымен қатар, жасөспірімдер арасында Марина Косенкова 63 келі салмақ дәрежесінде қоланы жеңіп алды. Оның нәтижесі: 50 кг.
Екінші күннің нәиижесі бойынша Егор Кузнецов қола жүлдегер атанды. Ол 93 келі салмақ дәрежесінде ұлдар арасында бақ сынады.
Владимии Малышев жасөспірімдер арасында 74 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдені жеңіп алды. Ал Альнур Кадыров 66 келі салмақ дәрежесінде үшінші орынға жайғасты.
Жаттықтырушы: Роман Пищаев