ГРЭППЛИНГТЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ

Филиппин елінде грэпплингтен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Тагатай қаласында 17 және 15 жас аралығында Азияның ең үздік спортшылары белгілі болды. Олардың қатарында біздің спортшылар бар. Мәселен, Тоқтар Зарубековтың шәкірті —  Танатар Альтаир 69 келі салмақта бірінші орын жеңіп алды.  Ал Жантемиров Мансур  63 келі де екінші орынды иеленді.