KWU KYOKUSHIN-2022

Таразда ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының KWU-2022 біріктірілген чемпионаты өз мәресіне жетті.“Тараз-Аренада” кіл мықтылар жиналды. Чемпионатқа 500-ден астам спортшы қатысты. Додада мектеп басшысы Азамат Болатұлы Имашевтың тәрбиеленушілері шеберлік танытып, жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтсақ, киокушинкай-кан бөлімінің спортшысы Сауытова Мадина (50 кг) әйелдер арасында топ жарып, чемпион атанды. Ал Аманов Айбек жасөспірімдер арасында ( 70кг дейін) күміс медальді жеңіп алды.