ҚАЗАҚСТАН - ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

15-17 қазан аралығында рецияда, Салоники қаласында самбодан жастар арасында Әлем чемпионаты мен біріншілігі аяқталды. Әлемдік жарысқа 25 елден 500 қатысушы келген. Соның ішінде спортшымыз 65 келі салмақ дәрежесінде, қыздар арасында Сәтова Аружан қола алқа иегерді. Спортшымыз Аружан мен жаттықтырушысы Какенов Асылбек Ибрагимұлын шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл медальдің орны ерекше. Самбодан жаттықтырушы Қанат Мустафиннің айтуы бойынша, осыдан бес жыл бұрынғы Арғынғазина Ақботаның күміс жүлдесінен кейінгі жастар арасындағы бұл алғашқы нәтиже.

Айта кетсек, Қазақстан Әлем Чемпионатында 14 медаль қанжығасына байлады: 2 алтын, 3 күміс және 9 қола. Соның арқасында жалпы командалық есепте үшінші орынға жайғасты.

Жаттықтырушы: Қанат Мустафин