Қазақ күресі
Қазақ күресі спорт түрі – еліміздің ұлттық спорт түрі. «Қазақ күресі» бойынша бірінші ірі жарыс 1938 жылы ауыл шаруашылығы аймақтары арасындағы спартакиада аясында өткен. Сол сәттен бастап жарыс дәстүрлі түрде республика қалаларында тұрақты өткізіліп келеді. Ірі Халықаралық турнирлер 1952 және 1975 жылдары Азия аймағы спортшыларының қатысуымен өткізілді.
Ұлттық күрестің дамуы Қазақстан егемендік алғаннан кейін жаңа серпін алды. 1991 жылдан бастап республикалық чемпионаттар мен біріншіліктер жыл сайын өткізілетін болды. 2012 жылдан бастап елімізде жыл сайын қазақ күресінен "Қазақстан барысы" республикалық турнирі өтеді. Бұл осы ұлттық спорт түрін дамыту үшін өткізіледі.