Белбеу күресі
Белбеу күресі спорт түрі – олимпиадалық емес спорт түрі болып табылады. Бұл спорт түрі адамның денесін ширатып, бұлшық еттерді қатайтады, төзімділікке, батылдылыққа, ептілікке, керек кезінде тез ойланып, әдіс таба білуге машықтандырады. Сонымен қатар, ол қорғанудың ұлттық өнері өз бойындағы күшін, әдісін түгел пайдалана алады.
Палуандар кілем үстінде; арнаулы жазық жерде, тегістегі қар үстінде белдесіп күресе береді. Ойынның ережесі бойынша қимыл үстінде адамға зақым келтіре күш жұмсауға, дөрекілік жасауға болмайды. Күрес бір жақтың талассыз жығылуымен және жауырыны жерге тигізілуімен аяқталады.