Джиу-джитсу
Джиу-джитсу спорт түрі– олимпиадалық емес спорт түрі болып табылады. Бұл спорт түрі 1992 жылғы 26 ақпанда құрылып, ҚР Әділет министрлігінде тіркелді. Жауынгерлік өнердің осы түрі бойынша еліміздің бірінші Чемпионаты 1993 жылы 15-16 қарашада Байқоңыр қаласында өткізілді.
1993 жылдан бастап Қазақстан Джиу-джитсу ұлттық федерациясы ҚР 12 чемпионатын және 9 халықаралық турнирің өткізді. Джиу-джитсу бойынша ҚР құрамасы мүшелері шетелде жекпе-жек өнері бойынша өтіп жатқан көптеген чемпионаттар мен турнирлерге қатысты. 1998 жылдан 2006 жыл аралығында ҚР-ның 18 шебері, 3 халықаралық деңгейдегі спорт шебері дайындалды.