Гір тасын көтеру
Гір тасын көтеру спорттық секциясы университет студенттері мен магистранттарының гір тасын көтеру спортымен толыққанды шұғылдануы үшін 1990 жылы құрылған. Секция жұмысының мақсаты – салауатты өмір салты қағидаларын шұғылданушылардың бойына сіңіру, гір тасын көтерумен әуесқой және кәсіби деңгейде шұғылдану үрдісін ұйымдастыру, университет құрама командасының қалалық, республикалық және әлемдік жоғары деңгейдегі жарыстарға дайындау.
Спортшыларымыз - Қазақстан Республикасы чемпионаттарының, Универсиадаларының бірнеше дүркін жеңімпаздары. Сонымен қатар әлемдік деңгейдегі жарыстарда үлкен нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Ә.Әшімов – Әлем чемпионы, студенттер арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпазы, Р.Гельмудинов – Әлем чемпионы, ҚР чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, И.Рындин – жастар және студенттер арасындағы Әлем чемпионы. Жаттықтырушысы – ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы Абдахин Серік Нұрғалиұлы.