Муайтай
Муай тай спорт түрі – олимпиадалық емес спорт түрі болып табылады. Бұл спорт түрі Тайланд елінде 16 ғасырдан дамып келе жатыр. 1997 жылы елімізде Муай тай спорт түрін дамыту бойынша үлкен жұмыс басталды.
Қазір бұл жауынгерлік өнер Қазақстанның барлық өңірлерінде орналасқан. Астана, Атырау және Павлодар қалаларында қарқынмен дамып келеді. Муай тай спорт түрінің бағыты өте қатаң, сондықтан дене тәрбиесі мен техникадан бөлек жақсы және үлкен рух қажет.