Қол күресі
Қол күресі (Армрестлинг) спорты ежелден бері қызық әрі қиын спорт түрі болып табылады. 1952 жылы Калифорнияның Петалума қаласында ең бірінші осы спорт түрі жандана бастаған. Бұл спорт түрінің жандануына үлес қосқан алғашқы адамдардың бірі америкалық журналист Билл Соберанес болып табылады.
Ол ең алғаш 1952 ж Петалума заплында қол күресінен (Армрестлингтен) жарыс өткізіп халықтың ыстық ықыласына бөлене отырып осы спорттың дамуына себепші болды. Қазірдің өзінде Петалума қаласында әр жылдың қазан айының екінші сенбісінде қол күресі өткізіліп отырады. 1962 жылы Билл мен Дейв Девото бірінші әлем чемпионатын өткізген.
Осылайша бұл спорт түрі қазіргі кезде өз федераиясын құрып, аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде өткізіліп отырады. Қазіргі күнде қол күресі «армрестлинг»деген атаумен белгілі. Бұл сөз ағылышын тілінен «arm»-қол, «wrestling» - күрес деген мағынаны береді. Арместлинг спорты қазіргі күнде Олимпиада ойындарында кірмесе де, бұл спорт студенттер, оқушылар, үлкендер, қарттар, мүгедектер арасында өткізіліп отырады.