Самбо
Самбо спорт түрі– олимпиадалық емес спорт түрі болып табылады. Бұл спорт түрі КСРО тұсында 1938 жылы 16 қарашадан бастап пайда болған.
Сол жылы дене шынықтыру саласының бүкіл одақтық комитеті самбоны бірауыздан спорттың бір түрі деп тіркеді. Самбо сөзі үш сөз тіркесінен тұрады. Талдап айтсақ, алғашқы тіркестен қарусыз қорғану деген сөз шығады. 1966 жылдан бері самбо халықаралық дәрежеге қол жеткізіп, Халықаралық әуесқойлар спортшылар федерациясының (ФИЛА) тізіміне ілікті.