АҚЖОЛ БАЛТАБАЕВ - ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР!

Минск қаласында самбо және жауынгерлік самбодан ХХV халықаралық турнирі аяқталды. Турнир «А» категориясы бойынша өтті. Әлемнің түкпір-түкпірінен 10 елден 230 қатысушы бақтарын сынаған. Аталмыш жарыста елордалық Ақжол Балтабаев жауынгерлік самбодан 58 келі салмақ дәрежесінде қола медаль иегері атанды.

Жаттықтырушы Қанат Мустафинді және Ақжол Балтабаевты шын жүректен құттықтаймыз!