Баспасөз Хабарлама

22 ақпанда елордада жыл сайынғы «Бұрқасын – 2020» XX мерейтойлық қысқы фестивалі өтеді.

Құрметті елорда  тұрғындары мен қала қонақтары! Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі  қысқы «Бұрқасын – 2020»  фестиваліне шақырады. Аталмыш іс -шара жыл сайынғы қысқы фестивалі бағдарламасы аясында  спорттың 8 түрінен өтеді; шаңғы жарысы, гір тасын көтеру, қол күресі, шайбалы хоккей, белбеу күресі, қысқы шағын футбол, арқан тартыс, және мотоспорт секілді жарыстар бойынша өтеді.

Жарысқа қатысуға денсаулығы жарамды барлық тілек білдірушілер жіберіледі. Тіркеуден өту кезінде өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат болуы қажет.

Әр топ бойынша жеңімпаздар дистанцияны бағындыруға жұмсалған ең аз уақыт бойынша анықталады. Әр санат бойынша 1, 2, 3-орын алған жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Ескерту: Шаңғы жабдығы өзімен болуы тиіс.Болмаған жағдайда аумақта шаңғы жалға беру орындары жұмыс жасайды. Саны шектеулі!!!!

        Сіздерді және Сіздердің жақындарыңызды «Бұрқасын – 2020» қысқы спорт фестиваліне қатысуға, бізбен сергектік пен жақсы көңіл-күй қуатын алуға шақырамыз!  Барлықтарыңызды күтеміз!

        Өткізілу уақыты: 2020 жылдың 22 ақпан күні, басталуы сағат. 11:00 де.

        Өткізілу орны: Нұр-Сұлтан қаласы.шаңғы роллер тас жолы (Astana Park Hotel)

        Фестиваль қатысушыларын тіркеу сағат 9:00 - 10:30 басталады.