БЕС АСЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚОЛА ЖҮЛДЕ
Нұр-Сұлтан қаласының спортшылары бес асық спорт түрінен елдік чемпионатта топ жарып, үшінші орынға ие болды.
Ақмола облысына қарасты Көкшетауда өткен Қазақстан Республикасының Чемпионаты өз мәресіне жетті.
Жарыста асық атудан және бес асық спортынан 2011-2013 жылғы жасөспірімдер өнер көрсетті.
Мектебіміздің тәрбиеленушілері Назым Жумагалиева, Аружан Жүрсінбек және Жұмаділлә Жәния III орын жеңіп алды.