Бүгін “ASPAN” спорт кешенінде асық ату және бес асықтан №7 БЖСМ құрама командасын іріктеу
Бүгін “ASPAN” спорт кешенінде асық ату және бес асықтан №7 БЖСМ құрама командасын іріктеу, қалалық ашық чемпионаты өтті. Жарысқа 8-10 жастағы балалар мен жасөспірімдер қатысты.
Әр команда өз шеберліктерін көрсетіп, үздік атану үшін бақ сынады. Асық атудан 1 орынға ие болған - 85 мектеп-лицей командасы: Өтемұрат Диас, Спандияр Нұрмұхамед, Айбек Муслим.
Бес асықтан топ жарғандардың қатарында «Арқа Алан» командасы: Тұрсынбек Аружан, Жумағалиева Назым,Қайыргелді Інжу. Жарыстың негізгі мақсаты - ұлттық ойынды кәсіби тұрғыда дамыту, халықаралық деңгейге көтеру мәселесі.
Сонымен қатар дода қазақтың ұлттық ойынын насихаттауға бағытталған.