БІР АЛТЫН МЕН КҮМІС
10 -15 Наурыз аралығында Стамбулда таэквондодан TURKISH OPEN G-1 халықаралық турнир өтіп жатыр. Еліміздің намысын №7 балалар мен жасөспірімдердің мамандырылған спорт мектебінің бес тәрбиеленушісі қорғауда. Спортшыларымыз екі күннің нәтижелері бойынша коржынымызда әзірге 1 алтын 1 күміс медальды еншіледік.
Жарысқа 12-16 жас аралығындағы таэквондошылар қатысып жатыр. 63 келі салмақ дәрежісінде Адиль Тлеугабыл финалдық нәтижеде Түркия спортшысына есе жіберіп екінші орынға жайғасты. 14 наурызда Аяжан Сапархан чемпион атанды.