ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ
27-28 Наурыз аралығында Талдықорғанда Джиу-джитсудан Қазақстан чемпионаты өтті. Екі күнге созылған жарысқа еліміздің он төрт облысынан келген жүзден аса спортшы қатысып, өз бағын сынады. Дода карантиндік талаптарға сай көрерменсіз өтті. Жастар арасындағы бәсеке қорытындысы бойынша спортышыларымыз жүлделі орындарға ие болды.
Файтинг-систем бөлімінде өз салмақ дәрежесінде қола медальді Ануар Байтанов, Мади Сабыров, Алисултан Какимов және Рахат Ермек жеңіп алды. Жастар арасында не-ваза бөлімінде Кирилл Ткач үшінші орын иеленді. Спортшыларымыз бен бапкерлерімізді құттықтаймыз!