ЕРСҰЛТАН ШАКЕНБАЙ – ЕУРОПА ЧЕМПИОНЫ

Казань қаласында Еуропа чемпионаты аяқталды. Турнирге 20-дан астам мемлекеттен 150-дей спортшы қатысқан. Ашық чемпионат 18-20, 21+ жас бөлімдері бойынша жастар мен ересектер арасында өтті.

Еуропа чемпионатының бірінші алтын медальін елордалық Ерсұлтан Шакенбай жеңіп алды.

Чемпионанның айтуы бойынша, жарысқа бір жыл бойы үзбей дайындық жүргізді:

-Бұл жеңісім бірінші жаттықтырушым Карабалин Нұрлан Шаяхметұлының арқасы болса, екінші еңбектің арқасы деп білемін. Алдағы мақсатым әлем чемпионатын бағындыру.

Ерсұлтан жартылай финалда ресейлік Мухамадамин Мукумовты жеңсе, ақтық мәреде де ресейлік Иван Веретенниковты үздік техникамен жеңді. Спортшымыз үш раундта да қарсыластарына бір де бір мүмкіндік қалдырмады.