ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТА ТОП ЖАРДЫ
Қоржынымызда тағы бір күміс. Таэквондодан Түркиядағы халықаралық турнир аяқталды. Жарыстың соңғы күні жеңіл және орта салмақтағы бәсекелер өткен еді. Жерлестеріміз арасынан Ақмарат Долгиев финалға дейін жетіп, соңғы сында ғана есе жіберді. Осылайша ел намысын қорғаған спортшылар 1 алтын және 2 күміс медаль жеңіп алды.
Яғни, жарыстың алғашқы күндері 59 келідегі Аяжан Сапархан мен 63 келідегі Әділ Тілеуғабыл жеңіс тұғырына көтерілген еді. Айта кетейік, Стамбул қаласындағы жарыс рейтингілік бәсекелер қатарына жатады. Халықаралық жарысқа паралель ішкі біріншіліктер де жанданып жатыр. Жуырда ғана Талдықорған қаласында ел чемпионаты өтті. Ал, мамыр айында Ақтөбеде жастар ойыны болады.