I ОРЫН ТАУ ТУРИЗМІ БОЙЫНША ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА

8 мамырда спорттық туризмнен Қазақстан Чемпионаты өз мәресіне жетті. Төрт күнге созылған республикалық дода Алматы облысы Тамғалы тас шатқалында өтті. Спортшылар тау туризмі бойыншы бақ сынасты. 7 команда ішінде ересектер арасында елордалық қатысушылар топ жарып, бірінші орынға жайғасты. Ал, №7 БЖСМ-нің тәрбиеленушісі Кирилл Лисов жеке дистанцияда қола жүлдені қанжығасына байлады.

Біздің спортшылар: Лисов Кирилл и Балгужин Арман.