ӘЛІШЕР КАРМЕНОВ SENSHI ТУРНИРІНДЕ ҮЗДІК АТАНДЫ

№7 БЖСМ-нің каратэден жаттықтырушысы Әлішер Карменов дәстүрлі киокушинкай-кан халықаралық лагері аясында KWU кәсіпқой лигасының SENSHI турнирінде үздік атанды. Жарыс Болгария елінің астанасы Софияда өтті. Елордалық спортшы 65 келі салмақтан жоғары дәрежесінде өнер көрсетіп, қарсыласы Артём Векличті KWU SENSHI ережелері бойынша нақты соққылармен жеңді. Айта кетейік, турнирге 30 елден жиырмадан астам спортшы қатысқан.