ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ БҮКІЛӘЛЕМДІК ОЙЫНДАР: АЛТЫН ЖӘНЕ ҮШ ҚОЛА
Белградта оқушылар арасындағы бүкіләлемдік ойындар аяқталды. Елорда спортшылары бір алтын және үш қола медальдарын жеңіп алды. Жарыстың алғашқы күні Акрам Долгиев бірінші айналымда мексикалық таэквондошымен кездесіп, ойынды 30:2 есебімен аяқтады. Жартылай финалда спортшымыз сербиялық қарсыласын 25-4 есебімен жеңді.
Финалда белоруссиялық споршыны жеңіп, чемпион атанды. Тағы бір таэквондошымыз Адил Тлеугабыл да бірінші айналымнан сүрінбей өтті.
Ол сербиялық қарсыласынан 10-5 есебімен ұтты. Ширек финалда ресейлік қарсыласы басым түссе де Адил бар күшін салып, қола жүлдеге қол жеткізді. Екінші күннің нәтижесі бойынша, Балнур Каумбай қола жүлдегер атанды.
Ол бірінші айналымда мексикалық спортшыны 20:7 есебімен жеңді. Жартылай финалда ресейлік таэквондошы басым түссе де спортшымыз бар күшін салып, қола жүлдеге қол жеткізді. Оған қоса Мадиханқызы Мейрамгуль де қола жүлдегер атанды.
1 орын - Акрамат Долгиев (45кг)
3 орын - Тлеугабыл Адиль (61кг)
3 орын - Қаумбай Балнур (51кг)
3 орын - Мадиханқызы Мейрамгуль ( 55кг)
Бапкерлер тобы: Нурболат Жанбиров, Алишер Бейсембай, Ержан Әділхан.