ПАНКРАТИОННАН ЕЛ КУБОГЫ

Оралда панкратионнан Ел кубогы аяқталды. Екі күнге созылған жарыста біздің спортшылар 1 алтын, 2 күміс медаль иеленді. Қазақстан Кубогы ересектер арасында традишннан өтті. Ал жастар элит бойынша жарысты.

Турнирдің нәтижесіне келетін болсақ, Абжан Нуртуган элит бөлімінде бірінші орынды жеңіп алса, традишннан қола жүлдеге қол жеткізді.

Спортшымыз Аллашукир Куракбай элиттен күміске ие болса, традишн бөлімінен үшінші орынға жайғасты. Тағы бір тәрбиеленушіміз Ержанар Култасов күміс жүлдегер атанды.

Жаттықтырушы тобы: Иван Добрынин, Нурбек Талбудин