ПАУЭРЛИФТИНГ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ
Біздің Торехан Улжан мен Бахтыгалиева Ольга пауэрлифтинг бойынша Қазақстан Республикасы Чемпионатында жеңімпаздар үштігінен көрінді. Пауэрлифтинг - нағыз батырлардың бәсекесі. Спортшы өзінен бірнеше есе ауыр зілтемірді қарсыластардан әлдеқайда шебер, әрі көп көтеру керек. 63 кг салмақта Улжан 285 кг зілтемірді көтеріп, екінші орынды қанжығасына байлады. Ольга да аталмыш сайыста тамаша өнер көрсетіп, 63 кг дейінгі салмақ дәрежесі бойынша 345 кг көрсеткішпен күміске ие болып, жеңіс тұғырынан көрінді.
ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Роман Пищаев.